Биылғы 10 айда сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген 57 азаматқа жалпы көлемі 15 млн 200 мың теңге ақшалай сыйақы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ұсынған дерек осындай. Тізімнің көш басында Батыс Қазақстан облысы тұр. Өңірдегі парақорлықты әшкере еткендерге жалпы сомасы 4 млн 800 мың теңге төленді.
Жоғарыда аталған қоғам дертіне мүлде төзбейтіндіктерін көрсеткен атыраулықтарға 2 млн 300 мың теңге берілді. Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында 800 мың теңгеден астам сыйақы берілген.