Жемқорлық: СҚО әкімінің орынбасары мен аудан әкімі қызметінен қуылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарамағындағылардың парамен ұсталуы екі шенеунікті креслодан айырды, деп хабарлады "Астана" арнасы.</h4>

 4 Қыркүйек 2020 2020, 04:55
4 Қыркүйек 2020 2020, 04:55
1481

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарамағындағылардың парамен ұсталуы екі шенеунікті креслодан айырды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Пара алды деген айыппен облыстық сәулет-құрылыс басқармасының үш басшысы бірінен соң бірі ұсталған еді. Басшылары тағайындалып үлгермей, жемқорлықпен ұстала беретін басқарма облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың құзырында еді.

Онымен бірге Ақжар ауданының бұрынғы басшысы Ербатыр Мадьяров та қызметінен қуылды. Оның қызметтен кетуіне дәл осы былыққа қатысқан бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековтің кесірі тиіп отыр.

Наверх