Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жемқорлардан тәркіленген ақшаға қанша мектеп салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Білім саласындағы инфрақұрылымдарды дамыту» қоры құрылған болатын. Осы қордың есебінен мектептер салынады. Қазіргі күнгі жоспар бойынша 72 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл мектептер 86 мың оқушыны орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп айтты вице-министр.
Сөзінше, бұл мектептерді биылдың соңына дейін бітіру жоспарда бар. Еділ Оспанның айтуына қарағанда, бұл қаржыға мектептер республиканың барлық өңірінде салынады.
Қай жерде қажеттілік бар, яғни өңірлердің берген өтініміне сәйкес мектептер салынады. Себебі мектеп орындарына тапшылықты өңірлер анықтайды. Соған сәйкес жұмыстар жүргізіледі, - дейді Оқу-ағарту министрінің орынбасары Мәжілістің кулуарында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелген ақшалай қаражатқа мектеп салу туралы тапсырма бергенін еске сала кетейік.