Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында "follow the money" қағидаты бойынша жүргізілуде, – дейді ресми өкіл.
Елімізге 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды.
Активтердің едәуір бөлігі шетелден қайтарылды. Мұндай активтердің сомасы 670,5 млн АҚШ долларына жетті (бұл шамамен 297,5 млрд теңге), оның ішінде бұл Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркиядан қайтарылған ақша, – деді Бигайдаров.