Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан қанша ақша түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің кулуарында журналистер Үкімет мүшесінен жемқорлардан қанша қаржы қайтарылғанын және ол ақшаға мектеп мектеп салынғанын сұрады.
150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа түсті. Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ қаражаттың барлығы бөлінбеді. (Мектеп салуға – ред.) 90 млрд-қа жуық теңге бөлінді. 60 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Қалған ақшаны апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, соған бөлеміз, - деді Жамаубаев.
Оның сөзінше, қаржы Республикалық бюджет комиссияның шешімімен бөлінеді.