Жамбылда 90 жемқор сотталды

23 Қаңтар 2020, 18:46
2340
Бөлісу:
Жамбылда 90 жемқор сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, брифинг өткізді.

2019 жылдың 12 айында 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 26 ұсыныс берілген. Мониторингпен 2 мыңнан аса мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның басшылары және олардың орынбасарлары қамтылды. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда басшылық лауазымда болған 9 тұлға заңнамамен көзделген шектеулер негізінде өз қызметінен босады, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қитмыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев. 

Оның сөзінше, өткен жылы облыс әкімдігі және "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бірлесе фронт-офистерді ашу мәселесі қолға алды. Нәтижесінде 7 сервистік әкімдік, 16 фронт-офис ашылып және 50 мекеме "Open space" форматында жұмыс істей бастады. 

2019 жылы Департамент сыбайлас жемқорлық сипатында 92 қылмыс тіркеген. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 90 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2018 жылы олардың саны 70 еді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерді бірі. Осы қылмыстардан ел бюджетіне 1,2 млрд теңге көлемінде залал келіп, қазір оның 930 млн теңгесі өндірілді, - деді департамент басшысы.
Өзгелердің жаңалығы