Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жемқор емес ЖИ: Албания әлемде бірінші болып министр лауазымына жасанды интеллект тағайындады

12 Қыркүйек 2025, 02:20
972
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Албанияның премьер-министрі Эди Рама ЖИ роботы басқаратын виртуалды министрлік құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бот Diella барлық мемлекеттік тендерлерге жауапты болады. Бұл туралы Албанияның Tema газеті жазды.

Социалистік партия ассамблеясының отырысында премьер-министр алдағы төрт жылға жаңа үкімет кабинеті мүшелерінің есімдерін жариялады.

Виртуалды мемлекеттік сатып алулар министрлігі де үкімет кабинетінің бір бөлігі болады, оны Diella деп аталатын жасанды интеллект жасаған робот басқарады. Diella бұрыннан e-Albania жобасында виртуалды көмек көрсетіп келгені атап өтілген.

Diella албан тілінен аударғанда "күн" дегенді білдіреді, - деп хабарлайды Reuters.

Премьер-министр Эди Рама айтқандай, ЖИ барлық мемлекеттік тендерлерге жауап береді, оның аясында үкіметпен әртүрлі жобалар бойынша жеке компаниялармен келісімшарттар жасайды.

Diella – министрлер кабинетінің физикалық тұрғыда жоқ, бірақ іс жүзінде жасанды интеллект арқылы құрылған бірінші мүшесі. Ол Албанияны мемлекеттік тендер кезіндегі жемқорлықтан толықтай қорғауға және таза елге айналдыруына көмектеседі, - деді Рама жаңа кабинетті таныстыру кезінде.

Албанияда мемлекеттік сатып алуларға қатысты сыбайлас жемқорлық жанжалдары жиі кездеседі. Сарапшылардың пікірінше, бұл елде дүние жүзінде есірткі мен қару-жарақ саудасынан түскен ақшаны жылыстатумен айналысатын бандалар бар.

Өзгелердің жаңалығы