Жемқорлықпен күресте белгілі бір елдің моделін кіріктіру мүмкін емес - сарапшы

16 Наурыз 2021, 11:57
1441
Бөлісу:
Жемқорлықпен күресте белгілі бір елдің моделін кіріктіру мүмкін емес  - сарапшы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жемқорлықпен күресте белгілі бір елдің моделін кіріктірудің қажеті жоқ, тек тәжірибесін өзімізге лайықтасақ жеткілікті. Бұл туралы «AntikorLive» жобасы барысында  М. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университетінің аға оқытушысы, «Әділет министрлігі - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Лилия Испенбетова айтты. 

Оның айтуынша, әр елдің заңнамалық-құқықтық актілері, жағдайы, жемқорлық тәуекелдері қалыптасқан ортасы, тіпті менталитеті әртүрлі. 

Жемқорлықпен күресте Швейцария сияқты әрекет ету керек, немесе Германияны мысалға келтіріп жатады. Алайда әр елдің жемқорлықпен күрестегі моделінің артықшылақтары сияқты кемшіліктері де бар екені ескеру керек. Мысалы Швейцарияда жемқорлық тәуекелдері жоқ десе де болады, оның тәжірибесін  тұрмыстық жемқорлықпен күресте  пайдалануға болада. Канадада билік пен бизнестің, өзге де мекемелердің қызығушылықтар текетіресіне үлкен мән берілген, оның осы тәжірибесі бізге қажет болуы мүмкін. Бюджет қаржысын жымқыру, биліктегі коррупцияның алдын алуда АҚШ-тың тәжірибесін пайдалануға болады. Тәжірибеге сүйеніп, өз моделімізді жасап, оны өміршең ету ең дұрыс қадам, - дейді ол. 

Оның айтуынша, қазір елде қоғамдық бақылау институтының дамып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады.

 Соңғы екі жылда билік пен қоғам арасында байланыс дамып келеді, қоғамдық кеңестердің пайда болуы, тұрғындардың ел проблемасына араласуы бұл салада ашықтықты қамтамасыз етіп отыр. Біртіндеп болса да байланыс дамып келеді, бұл жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Жалпы жемқорлықпен күреске барлығын жұмылдыру керек, бұл бір ғана саланың проблемасы емес, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы