Жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы берілді

24 Қыркүйек 2021, 03:13
1417
Бөлісу:
Жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлық туралы хабар берген төрт адамның әрбіреуіне 204 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов мәлімдеді.

Департамент 59 қылмысты тіркеді. Соның 52-сі – сыбайлас жемқорлық. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейін сегіз басшының жемқорлық әрекеті әшкереленді. Екеуі облыстық деңгейде қызмет етсе, алтауы қалалық және аудандық деңгейде жұмыс істеген. Мемлекетке келген шығынның жалпы көлемі 47,7 миллион теңгені құрап отыр. Соның 91,1 проценті, яғни 43,5 миллион теңгесі қайтарылды, - деді Ғалымов арнайы брифингте.

Оның айтуынша, жемқорлықа фактілері туралы хабарлағаны үшін ақшалай сыйақы беру жүйесі де өз нәтижесін көрсетті. Ал өткен жылы жаңа дифференциалды жүйе, яғни анықталған параның көлеміне қарай сыйақы беріле бастағаннан кейін жемқорлық туралы хабарлайтын адамдардың саны көбейе түсті. 

Қазақстанда жаңа дифференциалды жүйе енгізіліп отыр. Бұрын ынталандыру қылмыстың санатына қарай жасалатын. Қазір жемқорлық туралы хабар берген адам параның көлеміне қарай 10 проценттік сыйақыға ие бола алады. Осылайша, 4 000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 11,6 миллионға дейін алуға мүмкіндік бар, - деп атап көрсетті Ғалымов.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда төрт адамға жалпы сомасы 816 760 теңгенің сыйақысы берілді. Әрбіреуі 204 190 теңгеден алды. Үшеуі пара туралы хабар берсе, біреу қызмет бабын пайдалану арқылы алаяқтық жасау жайында алдын ала хабар берген. 

Заң бойынша пара немесе мемлекетке келген залалдың көлемі 1 000 АЕК (2 миллион 917 мың теңге) болса, ол ақшаның 10 проценті хабар берген адамға сыйақы ретінде беріледі. Бірақ ақшалай сыйақының мөлшері  4 000 АЕК-тен (11 миллион 668 мың теңге) аспауы шарт.


Өзгелердің жаңалығы