Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға Комитеттің жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық бөлімшелер қатысты.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болуға және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Осыны ескере отырып, бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар (ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.
Мәселен, Қылмыстық кодекске жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы (50 АЕК-ке дейін) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады және 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәсіпкерлік қызметке 2 жыл емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал мұндай қызметке заңсыз қатысқаны үшін 1 жыл емес, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін одан да қатаң жазаға әкеп соғады, - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге тыйым салу туралы атап өтілді.