Жемқорлықпен күрескен ардагерлердің тәжірибесін пайдалану керек

29 Маусым 2020, 12:16
1554
Бөлісу:
Жемқорлықпен күрескен ардагерлердің тәжірибесін пайдалану керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Рустам Ибраимов онлайн брифинг барысында айтты.

Брифинг барысында ол 2020 жылдың 9 маусымында Әділет министрлігінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігі тіркелгенін мәлімдеді.

Біздің бірлестік қазір сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына басымдық беріп отыр. Бізде Совет одағы тұсынан бері экономикалы сыбайлас жемқорлықпен күресте жұмыс істеген ардагерлер өте көп. Олардың тәжірибесін пайдаланған жөн. Қабылданған Жарлығымызда тәжірибе алмасу жағы бәрі жазылған. Жастарға насиқат, тәрбие беру бойынша аға буын өз білгенін үйретіп отыруы керек,-дейді ол. 

ҚР Генералдар одағының кеңесшісі Мұхамедғалым Сүлейменов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесінің филиалын өзге облыстарда да ашу қажеттігін айтады. 

Бұл кеңес халықты тыңдап, олармен байланыс орнатады. Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы, сондықтан өз сайтымызды ашып, азаматтардың өтінішін электронды түрде де қабылдайтын боламыз. Азаматтарды пара алды деп қамай бергеннен гөрі, халық арасында "Парасаттылық, әділдік және адалдық" қағидаттарын түсіндіріп, жемқорлықтың алдын алуға күш салу керек,- дейді Сүлейменов.
Өзгелердің жаңалығы