Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов.
Технология дамып жатқаннан адамдар бір-бірінен алыстап жатыр. Жастар үшін жаңа Қазақстан деген не? Жаңа Қазақстанда не өзгеруі керек? Олжастың «қызметкерлердің еңбегі толық бағаланбай, мемлекеттік қызметке қайта оралғым келмейді» деп айтуына не себеп болды? Сондай-ақ Олжас Сүлейменов жетістікке жетудің 3 жолымен бөліседі.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев болған еді.