#Желмая. Президент сайлауы. Саяси мәдениет пен әділ сайлау

4 Қазан 2022, 10:36
38032
Бөлісу:
#Желмая. Президент сайлауы. Саяси мәдениет пен әділ сайлау
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері  Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

Сайлау туралы насихат қалай жүріп жатыр? Президентті неге жеті жылға сайлаймыз, бұдан не ұтамыз? Сайлау әділ өту үшін не істеу керек? Саяси мәдениетіміз қай деңгейде? Президент сайлауын өткізуге не түрткі болды? Осы және өзге де өзекті сауалдарға Алуа Жолдыбалина жауап береді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай болған еді. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы