Желмая жобасының бүгінгі қонағы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова.
Президент сайлауы қалай өтті? Халықтың белсенділігі қалай болды? Ең төмен көрсеткіш Алматыда, 30 пайызға да жетпей қалды, бұл немен байланысты? Шетелдік байқаушылар сайлауға қандай баға беріп жатыр? Сайлауды тойға айналдырып жіберген жоқпыз ба? Алда қандай үлкен науқан болады?
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Amanat қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан болған еді.