#Желмая. Оразаны қандай жағдайлар бұзбайды?

2 Сәуір 2022, 11:01
7363
Бөлісу:
#Желмая. Оразаны қандай жағдайлар бұзбайды?
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы - ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат  Оңғаров.

Мешіттің құрылысы қашан аяқталады? Сапарда жүрген адамға Ораза ұстауға бола ма? Тіс жұлдыру Оразаны бұза ма? Пітір садақа қаржысы қайда жұмсалады? Қаңтар оқиғасы кезінде имамдар қандай қызмет атқарды? Рамазан айының ерекшелігі неде? Ораза қандай құлшылық болып есептеледі? Ораза ұстау кімдерге парыз? 

Осы және өзге де сұрақтарға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров жауап берді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Естеріңізге сала кетейік «Желмая» жобасының қонағы   Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков болды.

 

Өзгелердің жаңалығы