#Желмая. Өңірлік университеттердің кемшілігі неде?

26 Қараша 2020, 13:37
3316
Бөлісу:
#Желмая. Өңірлік университеттердің кемшілігі неде?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан. 

Рейтингі төмен университеттерді жабу қаншалықты дұрыс? Түлектердің мамандық бойынша жұмыс таба алмауына не себеп? «Шаңсорғыш» университет деген қандай университет? Оқытушылардың жалақысын көтеру үшін артық қаржыны қайдан табуға болады? Университет өз үлгісіндегі диплом бере бастағанда не өзгереді? Мемлекеттік университет пен жекеменшік университеттің айырмашылығы неде? Онлайн оқу университтер үшін қандай қиындықтар туғызуда? Жалған диплом және ұстаздық қызмет: құндылықтар құлдырап бара жатқан жоқ па? Осы және өзге де сауалдарға Ерболат Мұхамеджан жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобасының бұған дейінгі қонағы әнші, компазитор Марат Омаров болды.

Өзгелердің жаңалығы