#Желмая. Дағдарыс. Инфляция. Санкция. Ел экономикасын не күтіп тұр?

30 Наурыз 2022, 12:59
10582
Бөлісу:
#Желмая. Дағдарыс. Инфляция. Санкция. Ел экономикасын не күтіп тұр?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Экономикалық саясат институтының президенті  Қайырбек Арыстанбеков.

Елде дағдарыс болуы мүмкін бе? Қазақстан экономикасын не күтіп тұр? Алаңдауға негіз бар ма? Неге дайын болуымыз қажет?  Ресейлік рубльдің теңгемізге әсері қандай? Қымбатшылық келе жатыр ма? 

Осы және өзге де сұрақтар жөнінде Қайырбек Арыстанбеков жауап берді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Естеріңізге сала кетейік «Желмая» жобасының қонағы  Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Жолдауы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының  қалай жүзеге асаты туралы айтқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы