Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, осы және өзге де сауалдарға жауап берді.
«Борат» фильмінің авторлары әлем елдері арасынан неге Қазақстанды таңдап алды? Мемлекеттік рәмізді аяқ асты етуге қатысты мемлекет тарапынан реакция болуы керек пе? Көрші Қырғызстан мәселесіне тоқталсақ, Сооронбай Жээнбековтың пандемия кезінде биліктен кетуі дұрыс шешім болды ма? Ел билігі бұған дейінгі оқиғалардан сабақ алмағаны ма? Әлде жағдайды сыртқы ойыншылар пайдаланып кетті ме? Таулы Қарабақтағы жағдай қандай? Қазақстанның арағайындық жасауының қажеті бар ма, жоқ па? Қазақстанның сыртқы имиджі қандай?
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.