Желіде видеосы тараған Жамбыл облысы ПД басшысы қызметтен шеттетілді

31 Шілде 2024, 22:23
1139
Бөлісу:
Желіде видеосы тараған Жамбыл облысы ПД басшысы қызметтен шеттетілді
Фото: gov.kz

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты бүгін, 31 шілдеде Zakon.kz-ке ҚР ІІМ растады.

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді, - деді ведомстводан.

Сондай-ақ ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.

Айта кетсек, желіде қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тарады. Ол Жамбыл облысы ПД басшысы делінеді.

Өзгелердің жаңалығы