Алматы, BAQ.KZ. Итті тірідей өртеген жантүршігерлік видео желіде тарады. Қақпанға түсіп қалған қорғансыз жануардың үстіне бензин құйып өртеген.
Жантүршігерлік кадрдан қақпанға түсіп қалған иттің үстіне бензин құйып, оны тірідей өртеп жатқанын көруге болады.
Осындай азапты өлім, -дейді кадр сыртындағы адам иттің қиналғанын сәтін видеоға түсіріп.
Әзірге бұл жағдай Қазақстанның қай өңірінде болғаны белгісіз.
Аталған видео желі қолданушыларының ашуын туғызды, көпшілік жантүршігерлік жағдайды талқылап, бұзақыларды жауапқа тартуды талап етіп жатыр.