Астана, BAQ.KZ. Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «rozysk_karaganda» парақшасында жарияланған ақпарат бойынша 2019 жылдың 20 ақпанында Орталық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны шағымданып, өз арызында қаладағы көлік жуу орындарының бірінде белгісіз азаматтың оған дене жарақаттарын келтіргендігі туралы баяндаған.
Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-тармағы, яғни «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел алдын-алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 27 жастағы азамат анықталды. Екі азаматтың арасында сөзге келіспеушілік болып, соңы төбелеске ұласқан.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес жүргізілуде. Тергеу қорытындысы екі жақтың жауаптары бойынша заңды шешім қабылданатын болады.
Тергеу жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.