Желге ұшқан 160 млн теңге. Алматыда халыққа арналған дәретханалар жұмыс істемей тұр

10 Мамыр 2023, 12:08
1082
Бөлісу:
Желге ұшқан 160 млн теңге. Алматыда халыққа арналған дәретханалар жұмыс істемей тұр
Фото: автордан

Алматы қаласында саябақтар мен ойын алаңдарына 20 шақты дәретхана бар. Дегенмен олардың басым көпшілігі әлі күнге дейін жұмыс істемейді. Тіпті кейбірі кәріз жүйесі мен жарыққа қосылмаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Алматы қаласының туризм басқармасы бір дәретхананың құны 8 миллион теңге екенін хабарлады. Халық әлі күнге дейін жұмыс істемеген дәретханаларға наразы.

Қалаға жыл сайын мыңдаған турист келеді. Саябақтар мен ойын алаңдарында жүргенімізде дәретқанаға қысылып кетеміз. Қаланың қай бұрышына бармасаңыз сәнді, бірақ жұмыс істемейтін дәретханалар толып тұр.  Саны бар, сапасы жоқ дәретханаларды кімдер тексеріп алады? Ең болмаса, ақшаға істетіп қойса боладығой. Осы мәселеге назар аударып, шешім қабылдайтын адамдар барма? Бұл мәселе тезірек шешімін тапса деген үмітіміз бар, – дейді Назгүл Қазяқпар есімді қала тұрығыны.

Тексеріс барысында дәретхана ақысын төлеу үшін  жетон салатын жерлер де істен шыққанына көз жеткіздік.  Ал жұмыс істеп тұрған Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы дәретханада жарық, су, қағаз және телефон қуаттайтын жерлердің бар екені байқадық.

Аталған дәретханаларға қызмет көрсетумен «ЭкоМед Сервис» ЖШС басқарушы компаниясы айналысады. Компания 2022 жылы 21 шілдеден бастап 20 дәретхананы қабылдаған. Оларға бір рет кіру құны - 50 теңге.

Істен шыққан дәретханаларға қатысты Алматы қаласының әкімдігі жауап берген еді.  

Қазіргі уақытта «ЭкоМед Сервис» ЖШС басқармасы тиісті техникалық және монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ электрмен жабдықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта қоғамдық дәретханаларды Алматы қаласы аудандарының әкімдік аппаратына тапсырлады. Айта кетейік, басқарушы компания төлем жүйесін тексеріп,  қайта жүктеуді жүргізеді, есіктердің жарамдылығын тексереді. Себебі адамадардың көпшілігі есіктерді ашық қалдыруынан дәретханалардың істен шығып қалатынын байқадық. Ақау болған жағдайда, мамандар өз жұмыстарын атқатқаруда. Қала тұрғындарының қоңыраулары мен өтініштеріне уақтылы жауап беріп жатыр», – дейді қала әкімдігі.

Телефондағы электронды картадан дәретханалар ашық деп көрсетілген. Дегенмен тексеру барысында әлі күнге жабық тұрғанын байқадық. Тіпті кейбірінде істен шықты деген қағаздар жазылмаған. Ал дәретханадан қысылған қала тұрғындары баяғы әдетше сауда орталықтары мен асханаларға кіруге мәжбүр. 

Өзгелердің жаңалығы