Жекпе-жек соңында ұттым деп ойладым – Сәкен Бибосынов

5 Тамыз 2021, 21:15
7153
Бөлісу:
Жекпе-жек соңында ұттым деп ойладым – Сәкен Бибосынов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов мәлім етті.

Оның айтуынша, жекпе-жек барысында толықтай жеңіске жеткеніне сенімді болған.

Бірінші раундта есе жібердім. Қарсыласымда нокдаун санайтындай соққылар болды деп айта алмаймын. Есімді де жоғалтпадым. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласқа берілді. Екінші және үшінші раундтарда бар күш-жігерімді салдым. Жекпе-жек соңында ұттым деп ойладым. Өкінішке қарай бұйырғаны осы екен, - деді ол.
Сонымен қатар ол Токио Олимпиадасынан кейінгі жоспарымен бөлісті.
Мен ешқандай қарсыласты өзімнен мықты деп есептемеймін. Төрешілердің шешімі осылай болды. Олимпиада ойындарынан кейін тоқтап қалмаймын. Бапкермен жақсылап жоспар құрып, жаттығуға кірісемін. Жіберген қателіктеріммен жұмыс істеймін. Бұл қателіктерді қайталамауға тырысамын. Алдағы уақытта ел намысын қорғап, алтын алып қуантуға тырысамын, - деді Бибосынов.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалда ағылшын боксшысы Джалал Яфаимен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде жеңіліске ұшырап, қола медальді қанағат етті.
Өзгелердің жаңалығы