Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жекпе-жек сарайының ашылу салтанатына қатысты.
Аталған іс-шара Нұр-Сұлтан күніне және Жастар жылына орай ұйымдастырылған.
Ашылу рәсімінде Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясының ұйымдастыруымен Жауынгерлік өнер фестивалі өтіп жатыр.
Бес мың көреременге арналған жаңа спорт ғимараты бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика мен басқа спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге қауқарлы.
Жекпе-жек сарайында 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы мен қонақүй бар.
Төрт қабатты жаңа спорт сарайын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры салған. Жоба құны - 19,5 миллиард теңге.