Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жекеменшік мектептің 58 оқушысы шауырмадан уланып қалды

2 Қараша 2025, 21:00
965
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бішкектегі жеке мектептердің бірінде жаппай тамақтан улану жағдайы тіркелді. Барлық науқастардың мектеп асханасында шаурма жегені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 22:30-да республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына асқазан-ішек улануы белгілері бар науқастар жеткізілген. Белгілі болғандай, олардың барлығы түскі сағат 12:00 мен 13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жеген.

Барлығы 58 адам, соның ішінде 54 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

7 бала мен 2 ересек адам ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. 49 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді. Барлық науқастардың асқазаны тазартылып, зертханалық сынамалар алынды, — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы