Жекеменшік балабақша қатыспаған балалар үшін мемлекеттен 47 млн теңге алған

Бүгiн, 15:45
194
Бөлісу:
Жекеменшік балабақша қатыспаған балалар үшін мемлекеттен 47 млн теңге алған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Маңғыстау прокурорлары балабақшаларда бірқатар бұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы прокуратура органдарымен өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тексерілуде. Салдарынан санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта тексеру нәтижесі бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Сондай-ақ тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жекеменшік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік бала бақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратура баспасөз қызметі атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы