Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Ішкі істер министрлігі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. 19 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимінің күші жойылуға байланысты еліміздің барлық өңірінде «құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл ретте жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіптің сақталуын жалғастырады, - деді ол.
Ораз айтқандай, жекелеген өңірлерде жедел жағдайды ескере отырып, тыйым салынған заттарды тасымалдау тұрғысынан автокөлікті тексеру бойынша блок-бекеттердің не болмаса «Шеп» бекеттерінің жұмысы жалғастырылады.
Осы ретте елдің солтүстік облыстарында олардың қызметі тоқтатылды. Терактілерге қатысушылар мен қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша аулаларды аралау, жалдамалы пәтерлерді, иесіз үйлерді, саяжай құрылыстарын және өзге де объектілерді тексеру қамтамасыз етіледі. Бейнебақылау камераларын талдауды, сондай-ақ азаматтардан келіп түсетін материалдарды ескере отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі, - деді Нұрділдә Ораз.