Жеке үйлер қай жерде көп пайдалануға берілді?

Бүгiн, 17:46
297
Бөлісу:
Жеке үйлер қай жерде көп пайдалануға берілді?
Фото: pixabay.com

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 14 930 жеке жер үй салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, тұрғын үйдің көп мөлшері Алматы облысында – 2 134 үй пайдалануға берілді. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 1 688 жеке тұрғын үй және үшінші орында 1 457 жеке тұрғын үй салынған Қызылорда облысы тұр.

Пайдалануға берілген жеке үйлердің жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрді құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысының нақты құны 436,7 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, тұрғын үйді сатып алу-сату нарығында жарты жыл ішінде жеке жер үйлер бойынша 41 215 мәміле ресімделген.

Өзгелердің жаңалығы