Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жұмыс істей бастады

31 Тамыз 2023, 12:31
851
Бөлісу:
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жұмыс істей бастады
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдан бастап жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам азамат соттан тыс банкроттық рәсімін пайдаланды. Бұл олардың қарыз жүктемесін және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік берді, - деді Премьер-министр.

Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында тиісті заң қабылданды.

Бүгінгі таңда Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі бойынша 16 компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі, 7 ғимарат, 160 темір жолдары мен нысан, сондай-ақ ақшалай қаражат мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жалпы, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар соңғы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесін 27%-тен 19%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы