Жеке куәлік пен паспортты қанша теңгеге жасатамыз?

6 Қаңтар 2025, 15:32
7436
Бөлісу:
Жеке куәлік пен паспортты қанша теңгеге жасатамыз?
Фото: BAQ.KZ архив

Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт 10 жылға беріледі. Ал енді бұл құжаттарды қалай аламыз? Рәсімдеу жұмыстарына қандай құжаттар қажет? Оның құны қандай болады? BAQ.KZ тілшісі түсіндіріп көреді.

Жеке куәлік азаматтарға 16 жастан бастап беріледі. Бұл құжат республика аумағында жарамды болады. Ал паспорт азаматтарға жасына қарамастан олардың қалауы бойынша беріледі. Ол республика аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

Құжаттарды қалай аламыз?

Азамат жеке куәлікті рәсімдеу үшін 16 жасқа толғаннан кейін ғана жүгіне алады, осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді.

16 жасқа дейінгі балаларға паспорт немесе 16 жасқа толғаннан кейін жеке куәлік алу үшін:

- ата-анасының біреуі (заңды өкілі) баланың туу туралы куәлігін;

- ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты;

- жеке куәлігі үшін 0,2 АЕК;

- көлемі 24 беттен тұратын паспортты (16-ға дейінгі балаларға) 4 АЕК мөлшерінде ұсынады.

16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттен тұратын Қазақстан Республикасының паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға - 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға - 10 жыл мерзімге.Бұл ретте балаларға 36 және 48 беттік төлқұжаттарды беру алынып тасталды, бұл паспорттар 16 жастан бастап беріледі.

Биыл 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 240 теңгеге өсті. Яғни 2025 жылғы АЕК — 3932 теңге (2024 жылы – 3 692 теңге).

Демек енді елімізде жеке куәлік пен паспорт жасату құны да қымбаттады.

Жеке куәлікті қанша теңгеге жасатамыз?

Жоғарыда айтқанымыздай, жеке куәлікті жасату құны 0,2 АЕК, бұл шамамен биылғы көрсеткішпен 786,4 теңгеге тең.

Ал егер куәлікті жоғалтып алсаңыз, онда 3 932 теңгеге қайта жасатасыз.

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жеке куәлікті бір жұмыс күні ішінде алуға болады. Оның құны 3 372 теңге. Ал 3 жұмыс күні ішінде дайындап беру құны — 1 771 теңге.

Облыс орталықтарында: 3 жұмыс күні — 3 372 теңге. 5 жұмыс күні — 1 771 теңге.

Аудандар мен шағын қалаларда 7 жұмыс күніне 605,31 теңге баж алынады.

Паспортты қанша теңгеге жасатамыз?

Бұл құжат 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжатты жылдам дайындатуға болады.

24 парақтан тұратын паспорттың құны — 15 728 теңгеге (16 жасқа дейінгі балалар үшін), бұл 4 АЕК;

36 парақтан тұратын паспорттың құны — 31 456 теңге (8 АЕК).

48 парақтан тұратын паспорттың құны — 47 184 теңге (12 АЕК).

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрса, 10 күннен 1 айға дейінгі ескерту жасалады. Ал осы мерзім өткеннен кейін азаматқа 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтанса, онда 13 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Өзгелердің жаңалығы