Астана, baq.kz. Қырғызстан президент Сооронбай Жээнбеков Сокулук ауданының тұрғындарымен кездесу барысында өңірде жемқорлықпен күрес тоқтамайтынын айтты. Бұл туралы Қырғыз президентінің ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
"Өңірдегі жемқорлық біз ойлағаннан әлдеқайда тереңдеп кеткен екен. Көп қылмыстың беті ашылды. Бұл басы ғана, алдағы уақытта мұанан да көп жемқорлықтың беті ашылатын болады" - деді президент өз сөзінде.
Сонымен қатар, Жээнбеков экономикалық мәселелерге де тоқталып, жаңадан құрылған шағын бизнес иелерінің қадағалаушы органдар тексеруінен үш жылға дейін босатылатынын айтты. Бұдан бөлек президент орыс-қырғыз даму қоры арқылы 1646 жоба қаржыландырылғанын және 300 млн долларға жуық қаржы жұмсалғанын атап өтті.