Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған адам екі айға қамауға алынды

3 Ақпан 2024, 19:44
653
Бөлісу:
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған адам екі айға қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дакебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 қаңтарда сот Нұрболат Дакебаевты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай шығарды. Ол оған шағымданбады, - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік,  жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам 1 ақпан күні Қарағанды облысында ұсталған еді.

Ол жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, кейін қашып кеткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы