Жедел жәрдем қызметіне құны 55 млн теңге ӨЖЖ аппараты тарту етілді

7 Желтоқсан 2023, 12:13
946
Бөлісу:
Жедел жәрдем қызметіне құны 55 млн теңге ӨЖЖ аппараты тарту етілді
Фото: Түркістан облыстық мәслихаты

«Жедел медициналық жәрдем» қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Дер кезінде жасалған көмек арқылы талай пенденің тұз-дәмі таусылмай, ғұмырлар жалғанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Міне, сондай сәтте жаныңнан табылатын дәрігерлердің жұмысын бақылап көру облыстық депутаттардың назарынан да тыс қалмады. Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған халық қалаулылары А.Салимов, М.Тұрысбеков, И.Намазбаева, Ж.Сүлейменов, Ж.Әбдібаев, Н.Жамалбеков, С.Арыстанов облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен арнайы барып танысты. Қызметкерлерімен жүздесіп, орталықтың қызмет ету деңгейін көзбен көрді. 

Мекеменің жұмысымен танысу барысында облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков, облыстық «Жедел жәрдем» қызметіне өкпені жасанды желдету аппаратының 5 данасын сыйға тарту етті. 

Жапонияның медициналық құралы арнайы жедел жәрдем көлігіне орнатылатын болады. Аппарат - адамдардың тыныс алу жетіспеушілігі пайда болған кезде қажет. 

 ИВЛ аппараты пандемия кезінде арнайы Жапония елінен сатып алынған. Бір аппараттың құны - 11 млнды құрайды. Бүгінде адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Соның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Көлік қақтығыстарында, күнделікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылады. Сондықтан жалпы құны 55 млн болатын аппаратты өңірдің медицина саласының жұмысы жүйелі және халыққа қызмет көрсету сапасы жылдам әрі тапшылық болмауы үшін орталық қызметіне пайдаланғаны дұрыс,- деді  халық қалаулысы  М.Сексенбайұлы.

Облысы жедел медициналық жәрдем қызметі 1 меншікті. Жедел медициналық жәрдем станциясының құрамында 6 бекет 17 бөлімше және 46 пост бар. Жедел медициналық жәрдем көрсету өңірдің халық саны - 2 088 510 халқына қызмет көрсетеді. Қызметтік радиусы 100 км шақырымды құрайды екен. Түркістан облысы жедел медициналық жәрдем станциясы 142 бригадамен толыққан. Нақтырақ айтқанда дәрігерлік-34, фельдшерлік-108. Түркістан облысы бойынша санитарлық автокөліктің жалпы саны 187.

Айта кетейік, аталмыш мекеме биылғы жылы жағымды жаңалықтың куәсі болды. Аймақтың жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа типтік ғимарат пайдалануға берілді.

Өзгелердің жаңалығы