Жедел және шынайы ақпарат таратқан журналистер қауымына алғыс айтамын – Тоқаев

27 Сәуір 2020, 12:31
1784
Бөлісу:
Жедел және шынайы ақпарат таратқан журналистер қауымына алғыс айтамын – Тоқаев
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент өз мәлімдемесінде халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген қызметкерлерге, соның ішінде БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.  

Халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. 

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын, - деді Президент. 

Президент мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар болғанын, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқарып жатқандығын атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы