Махамбет ауданында Жайық өзені деңгейінің көтерілуі байқалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Жалғансай ауылдық округінің әкімі Асылжан Қайырғалиевтің айтуынша, ауылда ұзындығы 3 шақырым болатын бөгет қайта жаңартылған.
Сонымен қатар қауіпсіздікті күшейту мақсатында тағы 4 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері салынды.
Жергілікті тұрғындар мен еріктілер құм толтырылған 50 мыңнан астам қап төседі. Жағалауды нығайту жұмыстарына 79 әскери қызметші мен 20 арнайы техника жұмылдырылды, - деді Асылжан Қайырғалиев.