Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін экс-үміткер Сергей Деревянченко Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейінгі әсерімен және өзінің денсаулығы жөнінде айтты. Бұл туралы Sport.kz сайты хабарлады.
Жекпе-жекте судьялардың бірауыз шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында Сергей нокдауында болып, жарақат алды.
"Өзімді жақсы сезінемін. Нокдауын болған кезде оның соққысы басымның арт жағына тиді. Бірақ мен тұрып кеттім, өзімді жақсы сезіндім. Екінші раундта мен еңкейген кезде ол мені апперкотпен қарсы алды. Мен оның соққысын сездім, жарақат алдым. Жепе-жек кезінде қан ағып, көзіме кіріп жатты. Сол кезде оның тура және қапталдан соққан соққыларын жіберіп алып жаттым. Мені дәрігерлерге апарғанда, жекпе-жекті тоқтатып тастай ма деп ойладым. Жекпе-жектің соңына дейін жеңісті маған береді деп ойладым. Мен де оған өз соққыларымды дарыттым. Бірақ Геннадий төтеп берді, ол тәжірибелі чемпион. Рематч бола ма? Алдағы қорытындыны күтеміз бе, білмеймін. Геннадий Альвареспен белбеулер үшін қолғап түйістіргісі келетенін білемін. Егер жанкүйерлер рематчты қаласа , онда болады", - деді украиналық боксшы IFL TV-ге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жұдырықтасқан еді. Жекпе-жекте Головкин Деревянченконы жеңген еді.