Жеңіс-75. #Qaharman челленджі басталды

4 Мамыр 2020, 14:30
1802
Бөлісу:
Жеңіс-75. #Qaharman челленджі басталды

Алматы, BAQ.KZ. Jas Otan Жастар қанаты Алматы қалалық ұйымдастыруымен Жеңістің 75 жылдығына арналған #Qaharman челленджі бастау алды.  

Атаулы  челлендж коронавирус пандемиясына байланысты әлеуметтік желілерде жүргізіледі. Челлендж барысында Jas Otan ЖҚ АҚФ белсенділері өздерінің Ұлы Отан соғысына, тыл майданына қатысқан туыстары мен жақындары туралы қысқа әңгімелер жариялап, олардың майдан хаттарын оқып, фотосуреттерімен бөліседі. 

Челлендждің мақсаты - бейбіт аспан астында еңбек етіп жүргеніміз үшін ата-бабамызға алғыс айту. Біз батырларымыздың ерліктері туралы есте сақтаймыз және құрметтейміз. Баршаңызды #Qaharman хэштегімен челленджге қатысуға шақырамыз,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы