Жазушылар одағының төрағасы сайланды

12 Мамыр 2023, 14:09
1847
Бөлісу:
Жазушылар одағының төрағасы сайланды
Фото: автордан

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңа төрағалығына қаламгер, журналист Мереке Құлкенов төраға болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Басқарманың жаңа мүшелері сайланып, жабық дауыс беру нәтижесі белгілі болды. Нұржан Қуантайұлы төрағаның бірінші орынбасары, Бауыржан Жақып төрағаның орынбасары, Қасымхан Бегманов орынбасары болып тағайындалды.

ХVІ құрылтай Әнұранмен басталып, бес жылда қайтыс болған ақын-жазушыны бір сәт еске алу үнсіздігімен басталды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп, өткен ширек ғасырдағы жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды.

Жазушылар одағы ел егемендігін алған уақыттан бері жас ақын-жазушыларға қолдау білдіріп, мемлекеттік стипендиясы берiлгендігі айтылды.

Жаңа сайланған төраға алдағы бес жылдықта еселі еңбек ететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы