Күлиман Жүнісова облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған.
1960 жылдан әңгімелері мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрды.
Қаламгердің «Шұғыла», «Жасыл жапырақтар», «Кәмшат», «Құстар әні», «От пен гүл», «Қимаймын сені» атты әңгімелер мен повестері жарық көрген.
Қаламы қарымды жазушы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.