Бүгін жазушы, ақын Хамза Абдуллиннің туғанына 105 жыл толып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақынның әдеби қызметі 40-жылдары басталды. 1940 жылдың тамыз айынан бастап "Социалистік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі болды, "Ленин туы" газетінде, Алматыдағы "Жаңа фильм" журналында жұмыс істеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Хамза Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, "Шойын жолда" атты дастаны бас жүлдеге ие болды.
Ақын шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің "Жолбарыс тонды жиһанкез" дастаны.