Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

8 Қаңтар 2021, 18:05
4052
Бөлісу:
Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығының ашылуында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева осылай деді.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Бүгін елордада «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бірлескен жобасы.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Орталықтың мақсаты – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету.  Мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелер талқылау.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиеваның айтуынша, парасаттылықты, адалдықты насихаттап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін өскелең ұрпаққа ең алдымен, парасатты тәрбие беру керек.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Мұндай тәрбиені зиялы қауым арқылы жүргіземіз. Бұл жалғыз мемлекеттік органның жұмысы емес.  Дәл осы адалдық, парасаттылық төңірегінде айтылатын әңгімелерді жазып алып қалуымыз керек. Кітапхана парасаттылықтың ордасы болғандықтан, осындай орталық ашуға бел будық. Орталықтың атауын дәл осылай қою да тегіннен емес. Парасат жолы деген сөзде үлкендер жастарға жол көрсетсін деген мән жатыр. Бұл жерде қоғамдық кездесулер, әрбір мемлекеттік органның қызметкерлерін шақырып, сұхбат жүргіземіз, - деді ол.
Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Жазира Жақсылыққызы бұл орталық ғалымдар, ақындар, жазушылар жиналатын орталық болатынын айтады.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Әрбір жұмыстың өз орны болуы керек. Әр шараны әр жерде өткізгеннен жүйе болмайды. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін тек жазалау шарасын қолдануға болмайды. Түсіндіру жұмыстары да тұрақты жүргізіліп тұруы шарт. Біз әдетте, өткен ғасырлардағы бабалар еңбегіне Абайға, әл-Фараби сынды ғұламаларға жүгінеміз. Ол дұрыс. Алайда, көзі тірі жанымызда жүрген сөзі өтімді, өз еңбегімен, талантымен танылған азаматтар да баршылық. Мысалы, әлеуметтік желідегі белсенділікке келер болсақ, орыстілді ақпараттарда сын көп болса, Баянғали Әлімжан, Несіпбек Айтұлы ағаларымыз бір жазба салса, бірер минуттан кейін пікір төгіле бастайды.  Аудиториясы өте кең. Сол аудиторияны біз пайдаланып, адалдық, парасаттылық бағытында жұмсауымыз керек. Тәрбиелі, парасатты адам қылмысқа бармайды. Оған ары жібермейді. Сол арқылы қылмыстың көрсеткішін төмендетіп, жалпы болдырмау керек, - дейді ол.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Айта кетейік, іс-шараның салтанатты ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітап ханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева,  ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, сатирик, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты  Көпен Әмірбек, ақын, драматург, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжан, белгілі саясаттанушы, күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбраев, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы, ақын, драматург, аудармашы, Маржан Ершу, қала тұрғындары және т.б. қатысты.

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды

Жазира Жылқышиева: Парасатты адам қылмысқа бармайды


Өзгелердің жаңалығы