«Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Наразылық та, сенімсіздік те ақпараттың жетіспеушілігінен туындайды. Алдымызда жаз келе жатыр ғой, осы жазда салынатын үй де салынады, жөнделетін үй де жөнделеді. Заттары да түгенделеді. Сондықтан ақпаратты ең сенімді ақпарат көздерінен тарату ең бірінші кезектегі шаруа деп айтар едім. Өйткені қазір XXI ғасыр – ақпарат заманы, - деді депутат.
Ол әлеуметтік желілер арқылы нешетүрлі шындыққа жапнаспайтын ақпараттар тарап кететінін, оған төтенше жағдай кезінде толық көз жеткізгенімізді атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.