Жазда өрт қаупі жоғары болады

15 Сәуір 2025, 10:42
544
Бөлісу:
Жазда өрт қаупі жоғары болады
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес жазда құрғақшылық болады, шөп қалың өседі деп күтілуде, соған байланысты жоғары өрт қаупі қатері сақталады.

Қазіргі таңда министрліктің Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Өткен жылғыдай, өрт ошақтарының алдын алуға және өртті ерте анықтауға басты назар аударылады, – деді вице-министр.

“Орман” және “Табиғат” ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ГИС ТЖ арқылы мониторинг жүргізіледі.

Қазіргі уақытта орман алқаптары бар өңірлерде министрліктің және табиғат қорғау мекемелері әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің су ағызуқұрылғылары бар әуе кемелерін тарту алгоритмі бекітілді, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Бектенов министрге қауіптің алдын алу керек екенін айтты. Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы