Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жазда ақшаны қалай үнемдеуге болады?

21 Шілде 2025, 19:30
503
Бөлісу:
 El.kz
Фото: El.kz

Жаз – тек демалыс маусымы емес, сонымен қатар отбасы бюджетіндегі ең күрделі сынақ кезеңі. Қазақстандықтардың көбі дәл осы уақытта біраз шығынға тап болып жатады. Мәселен, демалыс, үй жөндеу, мектепке дайындық. Осы ретте қаржыгер Әсел Жарасқалиқызы El.kz интернет порталының тілшісіне жазғы шығындарды азайту жолдарын, жиі жіберілетін қателіктерді және үнем мен жинақ дағдыларын қалыптастырудың маңызын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иә, жазғы уақытта отбасылық бюджетке ең көп салмақ түсіретін – бұл, әрине, демалыс. Ата-аналар балаларымен бірге саяхаттауды, табиғат аясында уақыт өткізуді қалайды. Бұл – маңызды мәселе, бірақ дұрыс жоспарланбаса, қомақты қаражатты талап етеді, – дейді қаржыгер.

Сонымен қатар жазда көптеген отбасылар үй жөндеу жұмыстарын бастайды немесе жаңа үйге көшу секілді ірі шығындарға барады. Бұл да бюджеттің басым бөлігін қажет етеді.

Кейбір отбасылар жазда үйді әрлеп, жөндеу жүргізуді жөн көреді. Мұндай шығындар жоспарланбаған жағдайда, несиемен немесе қарызбен жабылуы мүмкін. Сондықтан басты кеңес – алдын ала жоспарлау, – дейді Әсел Жарасқалиқызы.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың көпшілігі жалақыларының негізгі бөлігін несиелер мен қарыздарды өтеуге жұмсайды. Ал жазда бұған қосымша тағы екі ірі шығын пайда болады – демалыс және мектепке дайындық.

Жаздың екінші жартысында тағы бір маңызды кезең басталады – бұл баланы жаңа оқу жылына дайындау. Мектеп формасы, оқу құралдары, қосымша сабақтарға төлем сияқты шығындар бірден отбасылық бюджетке әсер етеді, – дейді қаржыгер.

Толық сұхбатты El.kz интернет порталында мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы