Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өңірдегі Жайық өзенідегі су деңгейі туралы соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 29 мамыр, 20:00 сағаттағы мәлімет (29 мамыр сағат 8.00 салыстырғанда):
- Индербор ауылы -3 см, су деңгейі - 959 см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет ауылы -2 см, су деңгейі - 1016 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қаласы +0 см, су деңгейі - 600 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы -0см, су деңгейі - 431 см, шекті деңгейі - 500 см;
- Еркінқала ауылы -0 см су деңгейі - 388 см, шекті деңгейі - 450 см.
Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласы маңындағы 37 шаруа қожалығы су астында қалғаны айтылған болатын.