Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайықтағы су деңгейіне қатысты соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22 мамыр сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі (21 мамыр, сағат 8.00 салыстырғанда):
- Индербор ауылы - 6 см, су деңгейі - 1005 см, шекті деңгейі - 845 см.
- Махамбет ауылы - 0 см, су деңгейі - 1020 см, шекті деңгейі - 850 см.
- Атырау қаласы + 4 см, су деңгейі, 581 см, шекті деңгейі - 550 см.
- Жаңаталап ауылы+ 2 см, су деңгейі - 421 см, шекті деңгейі - 500 см.
- Еркінқала ауылы + 2 см, су деңгейі - 379 см, шекті деңгейі - 450 см.