Жайыққа су жай келеді

8 Сәуір 2022, 12:16
3597
Бөлісу:
Жайыққа су жай келеді
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.  Биыл біраз өңірде қардың көп болуынан  көктем шығысымен еріп, өзен-көлдер арнасынан асып, тасып жатыр. Алайда Жайыққа әлі су келмеді.

Бұл атыраулықтарды алаңдатып отыр. Бірақ мамандар Атырауға су  2-3 аптада жетеді деп болжап отыр. 

 Росгидрометтің болжамына сәйкес топырақтың күзгі ылғалдығы нормадан төмен, ылғал қоры нормадан жоғары. Болжам бойынша Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 350-450см , Атырау қаласында 320-380 см болады деп күтілуде.  Бұл нормадан төмен, дегенмен су тасқыны созылмалы болады деп есептейміз. Себебі Жайық өзенінің негізгі су құяры Сақмара өзені бойында су деңгейінің көтерілуі жаңа басталды. Ол судың Оралға жету уақыты шамамен екі апта. Батыс-Қазақстан облысында Жайық өзені деңгейі  жергілікті өзендердің тасып келуіне  байланысты көтеріледі. Атырауға   2-3 аптада жетеді,- дейді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин. 

Жайыққа су жай келеді

 Жайық трансшекаралық өзен. Бастауы Ресей Федерациясы. Осы мақсатта екі ел арасында өзенді сақтау және зерттеу бойынша Жол картасы дайындалған. Қазір екі елдің мамандары жұмыс жасап жатыр. Бұл жұмыстардың мақсаты  су тасқыны кезеңінде су  көлемін реттей отырып,  Жайық өзенінің деңгейін максималды көтеру. Су мамандарының сөзінше Жайыққа су келу деңгейі соңғы үш жылда жақсы көрсеткіш көрсеткен. 

Жайыққа су жай келеді

Жайық өзенінің Батыс Қазақстан облысындағы Кушум гидробекетінде 2.3 - 3.3 млрд м3 көлемінде су келеді деп күтілуде.  Әрине,  бұл көрсеткіш орташа көпжылдық деңгейден төмен.  Дегенмен 2021 жылдан көп болады деп есептейміз. Себебі жылда келген судың көлемі біртіндеп өсіп жатыр. 2019 жылы   3.5млрд текше метр, 2020 жылы  4.3 млрд текше метр, 2021 жылы  4.25 млрд текше метр, -  дейді Ғалидолла Азидуллин.

Жайыққа су жай келеді

 Ал Ақтөбе облысынан бастау алатын Ойыл, Жем өзендерінде ағыс бар. Бірақ тасқын қаупі жоқ екен. Жергілікті әкімдіктің мәліметінще көршілес облыстағы жағдайды бақылай отырып, төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сақтық шаралары ұйымдастырылып жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы