Төтенше жағдайлар министрлігі Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша кейінгі мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:
- Атырау – 538 см. Тәулігіне + 5 см;
- Индербор ауданы – 1033 см. Тәулігіне +7 см;
- Махамбет ауданы – 955 см. Тәулігіне +16 см.
Жайық – Индербор және Жайық – Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі көбеюі мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр. Ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.