Жайын мен көксеркені экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

8 Наурыз 2023, 14:00
1362
Бөлісу:
Жайын мен көксеркені экспорттауға тыйым салынуы мүмкін
Фото: otyrar.kz

Ел аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған жайын және көксерке балықтарын шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта.

Бұйрыққа қосымша түсіндірмеде бұл балық шикізаты тапшылығын болдырмау мақсатында қабылданып отырғаны жазылған.

Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының жалпы балық экспортындағы үлесі 55 пайыз. Былтыр барлық өңдеу кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балықты өңдеді. Бұрын бұл меже жылына 142 мың тоннаға жуық болатын. Яғни, былтыр кәсіпорындардың жүктемесі - 22 пайыз болды. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңес өткізді. Осыған байланысты талқылау барысында айтылған кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан аумағынан экспорттағы үлесі 10 пайыздан аз жаңа мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады. Бұл жайын мен көксеркеге қатысты, - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Өзгелердің жаңалығы