«Жайлы мектептер» қарапайым мектептерден несімен ерекшеленеді?

28 Сәуір 2023, 15:01
1176
Бөлісу:
«Жайлы мектептер» қарапайым мектептерден несімен ерекшеленеді?
Фото: Артём Чурсинов

«Жайлы мектептерде» қарапайым жалпы білім беру ұйымдарына қарағанда кабинеттер саны 2 есе, ал спортзалдар 4 есе көп болады. Бұл туралы Ұлттық жоба операторы Samruk-Kazyna Construction компаниясының басшысы Мәулен Айманбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білесіздер, жалпы білім беретін мектептерде бір ғана спортзал бар. Біз болсақ Оқу-ағарту министрлігінің техникалық тапсырмасына сәйкес 300 орындық мектептерде бір спортзалдан, 600 орындық мектептерде бір үлкен және бір кіші спортзалдан, ал 900 орындық нысандарда бір үлкен және екі шағын спортзалдан жобалауды жоспарлап отырмыз, - деді басқарма төрағасы.

Айманбетовтің айтуынша, мектеп ауласында да барлық стандартқа сәйкес келетін спорт нысандарын, нақтырақ жүгіру жолақтарын, шаңғы трассасын, хоккей корты және футбол алаңдарын салу жоспарланған.

«Жайлы мектептер» кең әрі ыңғайлы болады. Мысалы, егер стандартты мектепте орта есеппен 64 кабинет болса, «жайлы мектепте» 102 кабинет жасалады. Жаңа оқу орындарында робототехника, нано және биотехнология кабинеттері мен STEM-зертханалар жабдықталады. Сондай-ақ жобада тир, яғни ату алаңын жасау қарастырылған.

2024 жылдан бастап «жайлы мектептерге» директорлар мен тиісті кадрларды қабылдау басталады. Мұны Оқу-ағарту министрілігі жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы